Атырауда тағы екі бала суға батып кетті

0
1 350

Бір баланың денесі табылмай жатыр.


Атырауда тағы екі бала суға батып кетті

ERNUR.KZ. Атырау іргесіндегі Бесікті ауылында кәмелетке толмаған екі бала Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

14 жастағы жасөспірімнің бірінің денесін туыстары судан шығарып, екіншісін іздестіруде.

«Іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын Атырауда Жайық өзеніне ағайынды екі бала суға батып кеткен. 2010 жылы туылған жасөспірімнің бірінің денесі 4,5 метр тереңдіктен табылды. Екінші жасөспірімнің денесі екі күннен кейін анықталды.