Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.
ERNUR.KZ. 28 ақпан күні Атырау облысында бес адам жол апатынан қаза тапты. Оның екеуі кімелеттік жасқа толмағандар, деп жазады Stan.kz.
Жол апаты 28 ақпан күні сағат 16:00 шамаларында Доссор-Құлсары Бейнеу тас жолында болған. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан ішінде 2-і кәмелеттік жасқа толмағандар болған Toyota Camry көлігіндегі 5 жолаушы, оқиға орынында қаза тапты.Қазір оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”,- деді полиция.