Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

0
563

Аталған жағдайға байланысты тергеу басталды.


Атырауда жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

ERNUR.KZ. Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 74-шақырымы тұсында болған, деп жазады inbusiness.kz.

"Төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болып, 1995 жылы туған азаматтың басқаруындағы "Газель" автокөлігі жедел-жәрдем автокөлігімен және 1993 жылы туған азаматтың басқаруындағы IVECO автокөлігі Rolfo Sirio автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жедел-жәрдем автокөлігінің 1964 жылы туған медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда", - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, "Газель" автокөлігінің жүргізушісі мен жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы ретте, атыраулық полицейлер жол қозғалысына қатысушылар назарына ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.