1 қыркүйекке дейін екі оқушыдан және 9 мұғалімнен вирус анықталған.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова онлайн брифингте айтты, деп жазады baq.kz.
Оның айтуынша, Алматы облысында коронавиурс инфекциясының таралуы екі аптада 1%-дан 0,8 пайызға төмендеген. Дегенмен, Алакөл, Балқаш, Райымбек, Сарқант аудандарында вирустың таралуы әлі де жоғары.
Соңғы тәулікте облыс бойынша вирустың жұқтырудың 295 жағдайы тіркелді. Өсу қарғыны 0,7%. Оның ішінде 260 ауру белгісімен, ал 35 жағдайда ауру белгісі болмады. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 40, студентер – 2, мұғалімдер – 5, - деді ол.Гаухар Каткенова сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін екі оқушыдан және 9 мұғалімнен вирус анықталғанын, олардың зертханалық талдамасы оң болып шыққанын жеткізді.
Егер балада ауру белгісі бар болса немесе отбасында коронавируспен ауырған адам болса баланы мектепке жіберудің қажеті жоқ. Сол сияқты мұғалімдер де айналасындағы адамдардан виурс анықталса жұмысқа бармағаны жөн. Ауру белгісі бола тұра мектепке барған баланың ата-анасына және мұғалімге қатысты әкімшілік шара қолданылады. Оған қоса мектепте сүзгі жүргізілу керек, егер ол мүлдем жүргізілмей немесе сапалы болмаса мекетеп те әкімшілік жауапқа тартылады, - деді Каткенова.