​Ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді

0
1 194

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты


​Ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді

сурет:www.inform.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысына қарасты Шойындыкөл ауылдық әкімдігінің ғимараты өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің мәліметінше, 30 қараша күні таңғы сағат 04-54-те өртке қарсы қызмет кезекшілігіне Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылдық әкімдігінің ғимараты өртеніп жатыр деген ақпарат түскен. 120 шаршы метрлік тұрғын үйден әкімдікке айналған ғимараттың шатыры өртенген.

«Сағат 8-30-да өрттің алды алынып, 08-45-те толық өшірілді. Оқиға орнына ең жақын 140 шақырым жердегі Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 2 техникасы барды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге өртке қарсы ерікті жасақтың 6 маманы мен 2 техникасы да жұмылдырылды», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.