«Ауыл» партиясы Алматыда флешмоб өткізді

0
1 963

Партияның жас белсенділері Республика сарайы алдына жиналды


«Ауыл» партиясы Алматыда флешмоб өткізді

ERNUR.KZ. 31 желтоқсанда Жаңа 2021 жылды мерекелеу қарсаңында «Ауыл» партиясының жастар қанаты Мәжіліс депутаттығына кандидат Алмас Мұхаметовтың қатысуымен «Ауыл алға» флешмобын өткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Партияның жас белсенділері Алматы қаласындағы Республика сарайы алдындағы «Абай» алаңына жиналып, ерекше қойылыммен баршаны келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтады.

Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттығына кандидат Алмас Мұхаметов жиналғандарға «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген жастарды қолдау шаралары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, «Ауыл» партиясының жастарды қолдау жөніндегі бастамалары терең және жүйелі өзгерістерді көздейді. Себебі қазіргі ауыл жастарының алдында тұрған негізгі мәселе - экономикалық дербестік. Бұған ауылда тұратын жастардың айтарлықтай бөлігінің төмен табысы мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі әсер тетуде. Жастар отбасылық бюджетті қолдаудың қосымша көзін іздеуге мәжбүр, ал 90%-ында қосымша табыс көзі жоқ. Ол бүгінде ауыл жастарын қолдаудың қосымша тетіктері қажет екенін атап өтті. Партия бұл әлеуметтік және нарықтық сала сияқты ауылдың инфрақұрылымын дамытумен кешенді түрде жүзеге асырылатын шаралар болуы керек деп санайды.

Кандидат атап өткендей, «Ауыл» партиясының бастамалары жастар үшін ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл сапалы ауыз судың тапшылығы, жолдардың жай-күйі, медициналық қызмет көрсету проблемалары, бос уақытты тиімді өткізу мекемелерінің жетіспеуі немесе қол жетімсіздігі, байланыс пен интернет сапасының төмендігі.