Ауыл шаруашылығы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

0
795

Дүниежүзілік банк өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдап жатқан іс-шараларға жоғары баға берді.


Ауыл шаруашылығы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Еуропа мен Орталық Азиядағы орнықты даму жөніндегі өңірлік директор Стивен Шонбергермен, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесті, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрлік мәліметінше, тараптар ауыл шаруашылығы жобаларын іске асырудағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Дүниежүзілік банк өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдап жатқан іс-шараларға жоғары баға берді. Атап айтқанда, саланы субсидиялау, қаржыландыру, ветеринарлық қызметтерді жетілдіру, жайылымдық жерлерді басқару, мал шаруашылығы секторындағы парниктік газ шығарындылары жүйесін жетілдіру, ұсақ фермерлерге қызмет көрсететін институттарды нығайту сияқты басым бағыттар бағаланды.

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қызмет көрсету мен жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіру, фермерлік модельдерді ілгерілету, ет индустриясы үшін тиімді агроэкологиялық саясатты іске асыру салаларына күш салатынын айтты.