Ауылдағылар ПТР-тестті қалай тапсырады?

0
916

Қазіргі уақытта министрлікте 7 жылжымалы мобильді зертхана жұмыс істейді.


Ауылдағылар ПТР-тестті қалай тапсырады?

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет 1,2 млн ПТР-тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлгенін мәлім етті. Сондай-ақ, жаңа сайланған министрдің айтуынша, ауыл тұрғындарынан ПТР-тестті мобильді жылжымалы зертханалар алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазіргі уақытта министрлікте 7 жылжымалы мобильді зертхана жұмыс істейді, шілде айында тағы 8 зертхана сатып алу көзделген. Олардың барлығы ауылдық жерлердегі COVID-19 зерттеуін қажет ететін адамдарға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі ветеринарлық және ауруханалық зертханалар коронавирусты зерттеуге бейімделетін болады»,-деді Цой.

Сонымен қатар, Алексей Цой ПТР-тесттердің Қазақстанға нақты қашан түсетінін айтпады. Тек Үкіметтен ПТР-тестіне 1 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

«Үкімет 1,2 млн тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлді. Тесттер қоры әрдайым толығып отырады. Тесттер жақын арада түседі. Қазақстанда қазіргі таңда 46 диагностикалық зертхана бар. Нұр-Сұлтан қаласында ғана күніне 10 мың тест жүргізуге болады. Зертханалардың қуаттылығын арттыру мақсатында тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатып алу жоспарланып отыр», - деді ол.