Ауырсынуды басатын дәрінің жүрек ауруын тудыратындығы анықталды

0
911

Дәрігерлер аталған дәріні пайдаланғанда аса сақ болған дұрыс деп отыр.


Ауырсынуды басатын дәрінің жүрек ауруын тудыратындығы анықталды

ERNUR.KZ. Ғалымдар көпке танымал ауырсынуды басатын дәрі жүрек ауруын тудыратынын анықтады. Аспирин жүрек жеткіліксіздігінің орын алу қаупін 26%-ға дейін арттырады, деп жазады baq.kz.

Британиялық зерттеушілер аспириннің жүрекке әсерін қадағалапты. Олардың айтуынша, ауырсынуды басатын дәріні жиі қолдану жүрек ауруына ұшыратады.

Британиялық жүрек қоры мен Еуропалық кардиологтар одағы жүргізген зерттеу деректеріне сәйкес, әлемдегі ең танымал дәрі Ұлыбританияда да, әлемде де өлім-жітімнің себебі болып отыр. Сарапшылар жүрек және жүрек-қантамыр ауруларына ұшырағандар саны Альцгеймер ауруы мен қатерлі ісікке шалдыққандардан көп.

Сондықтан дәрігерлер аталған дәріні пайдаланғанда аса сақ болған дұрыс деп отыр.