Қазақстанда вакцинациядан бас тартатындар көбейіп келеді

0
1 285

Жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі. Қазақстан Республикасында мақсатты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%-ды құрайды, бұл ДДС ұсынатын шектерде.​


Қазақстанда вакцинациядан бас тартатындар көбейіп келеді

Бүгінгі күні республикада профилактикалық егулерден бас тартудың 13622 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған брифингте айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Этикалық және діни себептер бойынша иммундаудан бас тартатын адамдар бар. Осы топтардың барлығы аурулардан қорғалмаған. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биылғы жылы жеке сенімі бойынша бас тартудың басым екенін атап өту қажет, барлық бас тартулар ішінде олардың үлесі 49,5%, діни себептер - 35,3%, вакциналарға сенімсіздікті 9,5% адам білдірді, БАҚ арқылы жағымсыз ақпарат бойынша (интернет ресурстар, баспасөз, ТД) 5,6% адам, 0,1%-ында вакцинаның алдыңғы дозасына реакция байқалған, 0,1%-ында вакцинациялаудан бас тартқан отбасында басқа балада реакция анықталған.

«Елдегі қолайлы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ жалпы республика бойынша вакцинациялаумен қамтудың жоғары деңгейін ескере отырып, егілмеген балаларда вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттану қаупі төмен. Алайда инфекция тіркелген жағдайда инфекцияның таралу және егілмеген балалардың ауыр асқынулармен сырқаттану қаупі артады. Профилактикалық егулерден бас тарта отырып, ата-аналар баланы инфекциядан және оның салдарларынан қорғану құқығын айыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет», - деп атап өтті ҚР ДСМ ҚДСК эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 млн. бала егіледі. Қазақстан Республикасында мақсатты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%-ды құрайды, бұл ДДС ұсынатын шектерде.