Қазақстандықтар Өзбекстанға "Бомба" жөнелтуде

0
2 342

Жүк тиелген алғашқы авторефрижератор Ташкентке келді.


Қазақстандықтар Өзбекстанға

Қазақстандық өндіруші "Шин-Лайн" 2018 жылы Өзбекстанға 180 тонна балмұздақ жөнелтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Шин-Лайн" жаңа нарықтарды игеріп, өзінің экспорттық әлеуетін арттыра түсуде. Балмұздақ тиелген алғашқы авторефрижератор Ташкентке келді. Компания онда өз қоймасын ашты, ол жерден өнім Ташкент пен облыстың дүкендеріне, Самарқанд, Бұхара, Ферғанадағы дистрибуторларға жіберіледі. Биыл жалпы 1800 тонна балмұздақ жіберу көзделіп отыр", – делінген хабарламада.

Ақпаратта атап өтілгендей, алдымен ол елге балмұздақтың жаңа түрлері "Бахрома", "Тролли" және "Бомба" жөнелтіліп отыр.

"Шин-Лайн" 1995 жылы құрылған. Компания жылына 13 мың тонна балмұздақтың 140 түрін шығарады.