"Азық-түлік корпорациясы" департаментінің директоры мен бас маманы сотталды

0
474

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


ERNUR.KZ. "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп жазады tengrinews.kz.

Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, "Азық-түлік корпорациясы ҰК" АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталған.

"Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді. Сотталғандарға қатысты сот шешімі бойынша, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.

"ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.