Ол енді "Қазақтелеком" компаниясын басқарады.
ERNUR.KZ. Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басқарма басшысы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұған дейін Мусин цифрлық даму министрі қызметін атқарған еді. Ал "Қазақтелекомның" экс-басшысы Қуанышбек Есекеев президенттің кеңесшісі лауазымына ауысты.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы С.Демирель университетін "Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы" мамандандығы бойынша бітірген. (Жоғары GPA 3.3 4). 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –"заңгер".
2004-2007 жж. - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары
2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.
2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы.
2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.
2011-2012 жж. - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ХҚКО үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО үйлестіру комитетінің төрағасы.
2014 жылдың сәуір-тамызы - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2014-2017 жж. - "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы.
2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап. – 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі.
2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі.
2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2021 жылғы 18 қаңтарда қайта тағайындалды).
2024 жылы наурызда министр қызметінен босатылды.