​Байқоңырда тағы он қазақстандық мемлекеттік орган бөлімі құрылуы мүмкін

0
966

Бүгінде байқоңырлықтардың 60 процентке жуығы қазақстандықтар.


​Байқоңырда тағы он қазақстандық мемлекеттік орган бөлімі құрылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Байқоңыр қаласында тағы он қазақстандық мемлекеттік органның бөлімдері құрылуы мүмкін, деп жазады 24.kz.

1995 жылғы жасалған хаттаманы ратификациялау негізінде қазақстандық тарап, осындай ұсыныс білдіріп отыр. Бұл жайт Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кезекті отырысында қаралды. Қазір мұнда 8 орган жұмыс істеп тұр. Жиналғандар болса, заң жобасын бірауыздан Сенаттың кезекті жалпы отырысына қарастыруды шешті. Бүгінде байқоңырлықтардың 60 процентке жуығы қазақстандықтар. Олардың әл-аухатын көтеру бағытында бірқатар жобалар қарастырылып жатыр. Оның ішінде экологиялық ахуал да назарда. Марат Нұрғожин, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі: - 2025 жылға дейін протон жіберу тоқталады. Оның орнына «Бәйтерек» деген жаңа носитель «Союз 5», сонымен протонның орнына жұмысты жасаймыз.