Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті

0
708

Ресей Федерациясының федералдық меншігінен республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын.


Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті

ERNUR.KZ. Байқоңырдағы Ресейге тиесілі мүліктің бір бөлігі Қазақстан меншігіне өтті. Бұл туралы Үкіметтің Мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік Ресей Федерациясының федералдық меншігінен республикалық меншікке өтеусіз негізде қабылдансын», - деп жазылған құжатта.

Аталған қосымшаға сүйенсек, Қазақстан меншігіне мына мүліктер берілген:

1. 11Ф647М «Экран-М» ғарыш аппараты (зауыттық нөмірі 79432117), оның құрамдас және жинақтаушы бөліктері (1 дана, 1991 ж. шығарылған);

2. 11Ф639.М0000-0-01 құрастыру-қорғау блогы (зауыттық нөмірі 53781711), оның жинақтаушы элементтері және қосалқы құрал-саймандары мен құрылғылары (1 дана, 1993 ж. шығарылған);

3. 11Н6110 объектілерді сынау жүйесі (1 дана, 1991 ж шығарылған);

4. 8Г012М1 жүйесі (1 дана, 1986 жылы шығарылған);

5. 8Г013Э1 жүйесі (1 дана, 1986 жылы шығарылған).