Байқоңырды жалға беру құны қымбаттай ма - министр жауабы

0
345

Министр неліктен осындай құн бекітілгенін түсіндірді.


Байқоңырды жалға беру құны қымбаттай ма - министр жауабы

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байқоңырды жалға алу шартын қайта қарау және инфляцияға байланысты тарифтерді көтеру мүмкіндігі туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта мұндай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Біз Байқоңырды жалға бергеніміз үшін шамамен 100 миллион доллар аламыз. Бұл келісім маған дейін ондаған жылдар бұрын жасалған, сондықтан мен осы келісімді ұстанамын», - деді Б. Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Министр неліктен осындай құн бекітілгенін түсіндірді.

«Біріншіден, баға долларға байланған. Екіншіден, Байқоңырдан ұшырылымдар саны азайып келеді. Сондықтан, олар көбірек зымыран ұшырса, жалдау құнын қарау мәселесі туындауы мүмкін. Бірақ ұшыру саны азайғандықтан, жалдау құнын арттыру қисынсыз», - деді министр.