БАҚ: Анкарада қазақстандық әйел қайтыс болды

0
895

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда


БАҚ: Анкарада қазақстандық әйел қайтыс болды

фото nur.kz.

ERNUR.KZ. Анкарада 36 жастағы қазақстандық Айгүл И. есімді әйел қайтыс болды. Түркиялық haber7.com сайтының мәліметінше, ол төртінші қабаттың балконынан құлап кеткен деп жазады nur.kz.

Басылым мәліметінше, оқыс оқиға Чанкая ауданында орын алған.

Жергілікті тұрғындар айқайды естіп, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары пәтерге кіре алмағандықтан, есікті бұзған. Осы уақытта әйел балконнан құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, әйелге көмек көрсете алмаған.

Қазіргі уақытта әйелдің денесін Анкарадағы сот-медициналық институтына алып кеткен.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Ал пәтерде қазақстандық әйелден өзге біреудің болған-болмағаны әзірге айтылмаған.