Бақытжан Базарбек құрылысқа талап қатаңдатылса Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайтынын айтты

0
416


Бақытжан Базарбек құрылысқа талап қатаңдатылса Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайтынын айтты

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек құрылыс пен оны салушы компанияларға қойылатын талаптар қатаңдатылғаннан кейін Қазақстанда тұрғын үй құны қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп жазады stan.kz.

Депутаттың сөзінше, пәтер алғанда сапалы тұрғын үйден сатып алу керек. Ал кез-келген тұрғын үй қауіпсіздік пен сапа тұрғысынан салынуы керек.

“Өкінішке қарай, осы жылдар ішінде тұрғын үй арзан бағамен салынды. Әрине, олар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді. Тіпті қымбатының өзі талапқа сай емес. Біз құрылыс және құрылыс сапасы саласында тәртіп орнатамыз. Бұл бағаға әсер етуі мүмкін. Жер сілкіністерін, сел ағындарын, барлық қауіп-қатерді ескере отырып, жауапкершілікті күшейтеміз. Үй қымбаттауы мүмкін, мен оны жоққа шығармаймын. Нарықтың өзі оның бағасын реттейді, – деді Бақытжан Базарбек.