Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Түркістандағы жантүршігерлік трагедияға қатысты пікір білдірді

0
306

Түркістандағы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылған болатын.


Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Түркістандағы жантүршігерлік трагедияға қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістандағы жантүршігерлік трагедияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Динара Зәкиева Қызылорда облысының тумасы өз балаларын өлтіргенін растады.

"Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын, періштелер. Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Мән-жай анықталып жатыр. Түркістан облысының Полиция департаменті істі тергеп жатыр", - деп жазды Зәкиева әлеуметтік желіде.


Еске сала кетейік, Түркістандағы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылғаны туралы жазған болатынбыз. Кейін күдіктінің отбасылық кикілжіңнен соң Түркістаннан пәтер жалдағаны белгілі болды.