Балаларды сауықтыру ұйымдарының электронды тізілімі әзірленеді

0
437

Балаларды сауықтыру ұйымдары балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары болып саналады.


Балаларды сауықтыру ұйымдарының электронды тізілімі әзірленеді

ERNUR.KZ. Елімізде балаларды сауықтыру ұйымдарының электрондық тізілімі әзірленеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балалардың сауықтыру ұйымдарында тұру жағдайларына, құрылысқа жер учаскесін таңдау, жобалау, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, ауаны баптаға қойылатын бірыңғай талаптар санитариялық қағидаларда айқындалған», - делінген Оқу-ағарту министрі жауабында.

Оның атап өтуінше, балаларды сауықтыру ұйымдары балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары болып саналады.

«Осы орайда, «ҚР Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының аясында «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына балаларға арналған сауықтыру ұйымдарын хабарлама жасау жөнінде өзгерістер енгізу қарастырылған. Бұл заң жобасы балаларды сауықтыру ұйымдарының электрондық тізілімін құруға және сәйкесінше қорытынды құжаттарсыз ашылмауының алдын алуға мүмкіндік береді», - деді Ғани Бейсембаев.