Балалары шулағаны үшін көпбалалы жанұяға айыппұл салынды

0
1 156

Алатын 10 мың теңге жәрдемақысын айыппұлға төлеген.


Балалары шулағаны үшін көпбалалы жанұяға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғындары Грачевтер отбасында жеті бала. Жуырда көпбалалы отбасына көршілері балалардың шуына шағымданғандықтан, алты мың теңге айыппұл салынған, деп жазады nur.kz.

Грачевтар жетімдер үйінің түлектері. Үлкендері жетінші сыныпта оқыса, кенжелері жаңа туылған. Үйге кезекте тұрғанмен, пәтерді әлі ала алмай жүр. Сондықтан пәтерді жалға алып отыр екен.

"Көршілер үнемі балалардың шулағанына шағымданады. Біз бірнеше мәрте пәтер ауыстырдық. Бес мектеп ауыстырдық. Екі бөлмелі пәтер үшін 55 мың теңге төлейміз. Бұл Романның бүкіл жалақысы", - деді Инна.

Көпбалалы ананың сөзінше, жуырда ол "Күміс алқа" белгісін алыпты. Наурыздан бастап жәрдемақы 16 160 теңгені құрайды. Әзірге одан да аз.

"Жақында жәрдемақымның алты мың теңгесін айыппұлға төледім. Балалар ойнайды, ауырады, жылайды. Кішкентайларға тыныш отыру керегін ұқтыра алмайсың. Алты мың теңгеге бір қап картоп, бес литр май, балаларға сүт алуға болатын еді",- деді көпбалалы ана.