Айыпталушы сот отырысында кінәсін мойындап, істеген ісі үшін өкінетінін айтты.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында балабақша тәрбиешісі қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп жазады tengrinews.kz.
Соттағылардың мәліметінше, әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-бөлігі бойынша айыпталып жатыр.
"Сот 2018 жылы 15 қарашада Бадамша ауылындағы "Айгөлек" балабақшасында тәрбиеші болып жүрген кезде әліппе оқу сабағы барысында топтың кәмелетке толмаған басқа да тәрбиеленушілерінің алдында 2013 жылы туған балаларға қол көтерген. Айыпталушы сот отырысында кінәсін мойындап, істеген ісі үшін өкінетінін айтты", - деді соттың баспасөз қызметінде.
2019 жылы 11 наурызда шыққан үкімде тәрбиеші ҚР 140-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 120 сағатқа қоғамдық жұмыс істеу түрінде жазаланды, сондай-ақ, ол енді үш жыл бойы педагог қызметін және кәмелет жасқа толмағандармен жұмысқа байланысты қызметтерді атқара алмайды.
Еске салайық осыдан алдын баланың басынан ұрған ақтөбелік тәрбиешінің әрекеті туралы жазған болатынбыз.