Баланың есірткі жасырумен ақша тауып жүргенін қалай білуге болады

0
1 583

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталады.


Баланың есірткі жасырумен ақша тауып жүргенін қалай білуге болады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі баланың "есірткі жасырушы" болып жұмыс істеп жүргенін көрсететін негізгі белгілерді атады, деп жазады sputnik.kz.

Негізгі белгілер:
баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері бар;
жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары жүреді;
араласатын ортасы өзгереді;
сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытады;
күн тәртібі өзгереді, оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешігеді, кіммен және қайда болғанын айтпайды;
жаңа заттары пайда болады, ал оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартады.
"Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек". – дейді полицейлер.
Айта кетері, Қазақстанда есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталады.