Балқаш ауданындағы өрт толықтай сөндірілді

0
1 198

22 маусымда Алматы облысында Іле-Балқаш резерватының аумағында өрт басталған еді.


Балқаш ауданындағы өрт толықтай сөндірілді

ERNUR.KZ. Алматы облысы Балқаш ауданындағы қамыс өрті сөндірілді, деп жазады Zakon.kz.

Алматы облысы Іле-Балқаш резерваты басшылығының ақпараты бойынша Іле-Балқаш резерватының аумағындағы қамыс өрті 2 шілдеде сағат 07-40-та жойылды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 47 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, 2 жүзу құралы, 1 ҰҰА және Іле-Балқаш резерватының 25 адамы және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.

"Өртті сөндірудің қиындығы батпақты жерлерге жету қиын, кіреберіс жолдардың болмауы болды. Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау мақсатында қосымша 8 адам және 4 бірлік орман шаруашылығы техникасының күшімен минералдандырылған жолақ орындалды". Ғарыштан барлау барысында таңертең бықсу және жану учаскелері табылмады", деп мәлмдеді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

22 маусымда Алматы облысында Іле-Балқаш резерватының аумағында өрт басталды. ҚР ТЖМ деректері бойынша бастапқыда 6 200 гектар жер өртенген. Отпен алысқан сегізінші тәулікте (жағдай бойынша 11:00 30 маусым) өрт сөндірушілер қызыл жалын иектеген аумақтың көлемін 30 гектарға дейін азайтты.