Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды, деп жазады inform.kz.
Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.
«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», - делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Бұқтырмада қайықпен жағаға жете алмай қалған балықшыларға құтқарушылар көмекке келген еді.