Өртті сөндіруге 80 адам мен 22 техника жұмылдырылған.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі Балқаштағы өрт сөндіру жұмыстарының нәтижесі туралы мәлімет берді, деп жазады ulysmedia.kz.
“30 маусымда сағат 11.00 жағдай бойынша өрт сөндірушілер мен ЖАО бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағындағы өрт аумағын 30 га азайтуға қол жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, өрт жетуі қиын батпақты жерлерде жекелеген аралшаларда орын алуда. Аралшаларға «Қазавиаорманкүзеті» авиатехникасымен десанттарды жеткізіліп, өрт мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, жерүсті тәсілімен сөндіріліп жатыр.
Өртті сөндіруге 80 адам мен 22 техника жұмылдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Балқашта бірнеше күннен бері өрт тұтанып жатқаны 25 маусымда белгілі болды.
Бұдан бұрын резерваттағы өрт кезінде 10 мың гектардан астам аумақ жанып кеткенін хабарлағанбыз.