Балық аулауға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

0
347

13 жастағы жасөспірім Тоғызақ өзеніне балық аулау үшін үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.


Балық аулауға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарабалық ауданында жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстары аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

13 жастағы жасөспірім Тоғызақ өзеніне балық аулау үшін үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

ТЖД мәліметінше, жасөспірімді іздеу жұмыстары 16 қарашада басталған, баланы соңғы рет сағат 16:30 шамасында көрген.
"Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, еріктілер, мүдделі азаматтар, жоғалған жасөспірімнің туыстары, сондай-ақ кинологиялық бригадалар мен суда жүзу құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төтенше жағдайлар қызметі жеткіншектің денесін тауып, судан алып шықты", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті баланың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарға балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.
Құтқарушылар кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын ескертіп, әсіресе төмен ауа температурасы кезінде және су маңында аса сақ болу қажеттілігін айтты.