Бапкерлердің жаға жыртысуы: "Челси" мен "Тоттенхэм" матчі жанжалмен бітті

0
426

Лондондағы "Стэмфорд Бридж" стадионында өткен ойында жеңімпаз анықталмады - 2:2.


Бапкерлердің жаға жыртысуы:

ERNUR.KZ. Англия премьер лигасының "Челси" мен "Тоттенхэм" арасындағы екінші тур матчі бапкерлер жанжалымен аяқталды, деп жазады Vesti.kz.

Лондондағы "Стэмфорд Бридж" стадионында өткен ойында жеңімпаз анықталмады - 2:2. "Челси" екінші голды қосымша уақыттың алытншы минутында өткізіп алды. Алаң иелерінен Калиду Кулибали (19-минут), Рис Джеймс (78) ерекшеленді. Ал алаң қонақтарының сапынан Пьер-Эмиль Хейбьерг (68) және Харри Кейн (90+6) гол салды.

Екінші таймда Антонио Конте мен Томас Тухель жаға жыртысып, төбелесе жаздады. Тухельге қонақтардың хавбегі есепті теңестіргенде Контенің қалай қуанғаны ұнамай қалса керек.

Матч аяқталып, қол алысу кезінде бапкерлер тағы жұлқысып қалды. Салдарынан екеуіне де қызыл қағаз көрсетілді.