Бас прокуратура Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторы" ісіндегі статусы туралы айтты

0
590

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Назарбаевадан сотта жауап алынбаған.


Бас прокуратура Әлия Назарбаеваның

ERNUR.KZ. Әлия Назарбаева "ӨКМ операторына" қатысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бұл туралы Бас прокуратура мәліметінде айтылған, деп жазады tengrinews.kz.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Назарбаевадан сотта жауап алынған жоқ.

"Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек "ӨКМ операторы" ЖШС-де ақша жымқырғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
А. Назарбаева бұл қылмыстық іске процеске қатысушы ретінде тартылған жоқ және жауап алынған жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратура.