Қазақстандықтар биылғы жылдың алғашқы үш айында интернет алаяқтарға 6,2 миллиард теңгесін берген.
Бас прокуратура алаяқтық фактілері туралы қайта ескерту жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар құру және алаяқтық белгілері бар хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кеткен.
"Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге қайта шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау керек.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар биылғы жылдың алғашқы үш айында интернет алаяқтарға 6,2 миллиард теңгесін берген. Құқық қорғау органдары келтірілген шығынның 189 млн теңгесін ғана қайтарған.