Бас санитар елордадағы кинотеатрлардың не себепті ашылмағанын түсіндірді

0
660

Қалада өткен аптадағы коронавирус көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда біршама өскен.


Бас санитар елордадағы кинотеатрлардың не себепті ашылмағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Жақында ведомствоаралық комиссия шешімімен 26 қазаннан бастап Қазақстандағы кинотеатрлардың ашылатыны белгілі болды. Бүгін қазанның 26-сы, бірақ Нұр-Сұлтан қаласындағы кинотеатрлар әлі жұмысын бастамады. Оның себебін қалалық бас санитар дәрігер Жанна Пірәлиева түсіндірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Нұр-Сұлтанда ашылмайды. Мен кинотеатрларға қатысты осыған дейін де айтқан болатынмын. Егер ашылатын болса, ол тек қаулы негізінде ашылады», - дейді Пірәлиева.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда өткен аптадағы коронавирус көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда біршама өскен.

«Көбіне мектеп жасындағы балалар мен ересектер ауырып жатыр. Сондықтан кинотеатрлар әзірше жұмыс істемейді. Осымен оныншы күн жасыл аймақтамыз, бірақ соңғы төрт күнде көрсеткіш өсіп жатыр жатыр. Егер 14 күн ішінде біз жасыл аймақта болсақ, сол кезде ғана босаңсуға болады. Бүгін тек 10-күн. Босаңсу жайлы әлі айта алмаймыз», - деді бас санитар дәрігер.