Әлеуметтік желіде әйелге әлімжеттік көрсеткен ер адамның бейнежазбасы тарады.
ERNUR.KZ. Бейнежазбадан ер адамның әйелді кірпішпен қуып келе жатқанын көруге болады, деп жазады inbusiness.kz.
"29 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында 32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында азаматшаны боқтап, балағаттап қоғамдық тәртіпті бұзған", – деп хабарлады полиция қызметі.
Бұл дерек бойынша Шалқар қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.
Күдікті Шалқар ауданы полиция бөлімінің арнайы бөлмесіне уақытша қамалды.