Кейбір кабинеттердің ауданы бір бөлмелі пәтермен бірдей
ERNUR.KZ. «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында жаңа акция басталды. «Жаңа формат» атты бастаманың негізгі мақсаты - мемлекетік орган басшыларының кабинеттерін барынша кішірейту. Соның арқасында бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге болады. Ал бастықтардың өздері халыққа жақын болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, акцияның алғашқы кезеңінде мектеп директорларының кабинеттерін оңтайландыру шаралары жүргізіледі. Қазірдің өзінде бірнеше мектеп аталған бастаманы қолдады. Ал басшылықтың кабинеттерінде қосымша білім беру сыныптары ашылып отыр. Директорлардың өздері болса, бірінші қабаттағы шағын кабинеттерге көшті. Акцияны бірінші болып қолдаған мектептердің ішінде №71 мектеп-лицейі, №17 және №80 мектеп-гизназиялары бар.
«Мектеп директорлары бірінші қабатта отырса, халыққа жақын болады. Бюджет қаражаты да үнемделеді. Бұл акция басқа да мемлекеттік органдарда жалғасады», - дейді «Астана - адалдық алаңы» кеңсесінің мамандары.