6 маусым күні Бәйтерек ауданы Рубежка ауылындағы үйінен шығып кеткен еді.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 18 жастағы Игорь Исраилов бүгін аман-есен табылды, деп жазады inform.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын 6 маусым күні Бәйтерек ауданы Рубежка ауылындағы үйінен шығып кеткен еді.
«Теректі ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жігітті шаруа қожалықтарының бірінен тапты. Шаруа қожалығының басшысы Игорьдың өзі келіп, жұмысқа алуын өтінгенін жеткізді. БҚО полиция департаменті жігітті іздеуге атсалысқан адамдардың бәріне алғысын білдіреді. Қазіргі кезде оның жағдайы жақсы, ата-анасының қолына тапсырылды», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің төрт күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 18 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.