Ол 9 жылға сотталған болатын.
ERNUR.KZ. Қонаев қалалық соты жазасын өтеуші Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады, деп жазады Azattyq Ruhy.
12 шілдеде Сот Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұрады.
Жәбірленуші Б.М. Алагөзова мен оның өкілі де Б. Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатумен келісті.
«Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 рет мақтау, 1 рет ескерту алды. Жазаның жарты бөлігін, яғни 6 жыл 1 ай 2 күнін өтеді. Тәртібі 3 оң дәрежемен бағаланады. Жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді. Сот үкімімен салынған 756 269 теңге процестік шығындарды ерікті түрде өтеді», - деп хабарлады соттан.
Соттың 12 шілдедегі қаулысымен Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашадағы үкімімен Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге кесілген болатын.