Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Берік Уәли

0
863

Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады.


Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Берік Уәли

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында жариялады

"Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға "Қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзу дерегі бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды. Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек", - деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек.

"Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам", - деді ол.