"Бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатыңыздар": Жаңаөзенде жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады

0
740

Сөз соңында кәсіпорын жұмысшылары халықтың террорист емес екенін айтты.


ERNUR.KZ. Жаңаөзендегі "Кезби" ЖШС жұмысшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатуды талап етті. Бұлай болмаған жағдайға жұмысшылар жаңа митинг ұйымдастыратынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz

Кәсіпорын жұмысшылар талаптары орындалмаған жағдайда ҚР Конституциясына сәйкес бейбіт шеруге шығатындарын мәлімдеді. Сонымен қатар Президенттің әр жолдауын мұқият тыңдайтындарын айтты.

"Қудалау тоқтатылмаса, ҚР заңнамасына сәйкес бейбіт шеруге шығатынымызды қаперіңізге саламыз. Жолдауыңыздың бірінде тәртіп бұзбай бейбіт түрде наразылық акциясына шыққан азаматтарға алғысыңызды айта отырып, рақымшылықпен қарауға тапсырма бердіңіз", – деді жұмысшылар өз бейнеүндеуінде.

Олардың сөзінше, күштік құрылымдар Президент тапсырмасын асыра пайдаланған.

"Күштік құрылымдар қарапайым азаматтарды үйлерінен алып кетіп, әртүрлі әрекеттермен жасамаған қылмыстарын мойындатуға ниетті екенін әлеуметтік желіден көрдік. Сондықтан күштік құрылымдардың жала жауып, қысым жасауын тоқтатуды талап етеміз", – дейді олар.

Сөз соңында кәсіпорын жұмысшылары халықтың террорист емес екенін айтты.