Бензин мен дизель құны арзандады

0
685

АИ-92 маркалы бензиннің жекелеп сату бағасы литріне 2-9 теңгеге, дизель отынының литр құны 7-10 теңгеге арзандады.


Бензин мен дизель құны арзандады

ERNUR.KZ. Мемлекетте қазіргі қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы президентінің халыққа жасаған жолдауы аясында 2020 жылдың 1 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттері желісін басқаратын "PetroRetail" компаниясы АИ-92 маркалы бензиннің және дизель отынының құнын 10 теңгеге дейін арзандатты, деп жазады baq.kz.

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің жекелеп сату бағасы литріне 2-9 теңгеге, дизель отынының литр құны 7-10 теңгеге арзандады. Мәселен, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында АИ-92 150 теңгеден сатылса, дизель отынының құны 183 теңгеге тұрақтады. Басқа қалалар мен өңірлерде АИ-92 баға ауқымы 150-155 теңгені құрайды. Дизель отынының құны 182-186 теңге аралығында, - делінген хабарламада.