Биік үйдің балконынан секірмек болған әйел айыппұл төледі (видео)

0
637

Көпқабатты үйдің балконынан секіріп, өзінің азаматтық некедегі күйеуін қорқытпақ болған әйел бір ажалдан қалды.


Биік үйдің балконынан секірмек болған әйел айыппұл төледі (видео)

ERNUR.KZ. Орал қаласында балконнан секіріп кетпек болған әйелді күйеуі ұстап қалып үлгерді. Оқиға қаланың Қонаев ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп жазады exk.kz.

Көпқабатты үйдің балконынан секіріп, өзінің азаматтық некедегі күйеуін қорқытпақ болған әйел бір ажалдан қалды, деп мәлімдейді Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Оқиға 27 қазан күні түнгі сағат 01:30 шамасында болған. 1986 жылы туға М. есімді әйел азаматтық некедегі күйеуімен жанжалдасып қалғаннан кейін, балконның ернеуіне шығып "секірем" деп қорқытпақ болған.

Балконға шыққан ол тепе-теңдікті сақтай алмай, тайып құлаған кезде оны жанындағы күейуі қолынан ұстап үлгерген.



"Аталмыш оқиғаға байланысты азаматтық некедегі отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Олардың жалдамалы пәтерде тіркеусіз тұрып келгені анықталып, үй иесі мен пәтерді жалға алушыларға ӘК 493 және 492-баптарына сәйкес хаттама толтырылды", - деп жазады өңірлік ПД баспасөз қызметі.