Биіктен құлады: Ақмола облысында мобильді байланыс компаниясының қызметкері құтқарылды

0
684

Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.


Биіктен құлады: Ақмола облысында мобильді байланыс компаниясының қызметкері құтқарылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап, аяғын сындырып алған мобильді байланыс компаниясының қызметкері құтқарылды, деп жазады inform.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған. Жылу орталығының биіктігі 32 метр мұнарасының жоғары тұсында орналасқан ұялы байланыс антеннасын жөндеу кезінде мобильді байланыс компаниясының қызметкері абайсызда құлап кеткен.

«Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деді ведомстводан.