Ең төменгі жалақы мөлшеріндегі көмек төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған студенттерге де төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатындар, табысынан айырылса, 42 500 теңгеге өтініш беруге құқылы.
Сонымен қатар, ең төменгі жалақы мөлшеріндегі көмек төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған студенттерге де төленеді.
Айта кетсек, әлеуметтік төлемге бір рет өтініш беру жеткілікті, ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді. Еңбек министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдайдың 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға төлем екінші рет беріледі.
Әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
Бұдан бөлек, еңбек министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты.