Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды

0
482

Жалпы науқастар арасында 1 910 адамның жағдайы ауыр, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.


Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды

15 тамызда бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 99 адам COVID-19 инфекциясынан, 19 адам коронавирустық пневмониядан қайтыс болды.

Коронавирустан қайтыс болғандардың ең көбі Алматыда (22 адам), Қарағанды облысында (16 адам), Нұр-Сұлтанда (14 адам), Батыс Қазақстан облысында (10 адам) тіркелді.


17 тамызда 120 488 адам (115 712 КВИ+ және 4 776 КВИ -) COVID-19-дан емделуін жалғастырып жатыр, оның ішінде:

  • стационарларда 30 996 пациент жатыр;
  • 89 492 науқас үйде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ- мен ауырғандардың ішінде:

  • ауыр халде - 1 910 пациент;
  • аса ауыр жағдайда - 529 пациент;
  • 251 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.