10 мамырдағы мәлімет бойынша, республикада 41 723 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі 10 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.
10 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 723 адам коронавирус инфекциясынан (41 275 КВИ+ және 448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 063 пациент стационарда, 26 660 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 790 адамның жағдайы ауыр,
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 8 мамырдағы мәлімет бойынша 23 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 44 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 53 564;
өлім жағдайлары – 832;
барлығы 52 284 адам сауығып шықты.