​Бір жылда Қазақстан халқының саны 237 мың адамға өсті

0
1 067

Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті.


​Бір жылда Қазақстан халқының саны 237 мың адамға өсті

ERNUR.KZ. Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті, деп жазады тengrinews.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистика комитетіндегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар - 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауылдықтар - 7 737,1 мың адамды (42,2 пайыз).

"2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) тіркелді", - деді комитеттегілер.