Бір жылда Қазақстандағы депозиттер көлемі 2,1 трлн теңгеге өсті

0
590

Заңды тұлғалардың депозитінде 5,9 трлн теңге (жылына +16%), ал жеке тұлғаларда 11,5 трлн теңге (+12,5%) сақталуда.


Бір жылда Қазақстандағы депозиттер көлемі 2,1 трлн теңгеге өсті

ERNUR.KZ. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандық банктер 17,5 трлн теңге жинақтады, бұл 2021 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 2,1 трлн теңгеге немесе 13,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

Өңірлерді алып қарайтын болсақ, депозитте ең көп ақша жинағандар Алматы тұрғындары – 7,1 трлн теңге, Нұр-Сұлтан – 3,7 трлн, Қарағанды облысы мен Ұлытау – 888,3 млрд теңге, Шығыс Қазақстан мен Абай – 678,4 млрд теңге, Қостанай – 581 млрд теңгеге жуық және Атырау облысы тұрғындарыс – 565,1 млрд теңге жинаған.