Бірнеше жыл іздеуде болған азамат Қазақстанға экстрадицияланды

0
1 167

ERNUR.KZ. Бас прокуратура және Қазақстанның ІІМ Интерполының қызметкерлері Черногориядан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Александр Лясотаны экстрадициялады.


Бірнеше жыл іздеуде болған азамат Қазақстанға экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура және Қазақстанның ІІМ Интерполының қызметкерлері Черногориядан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Александр Лясотаны экстрадициялады,-деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі

ҚР Бас прокуратураның Солтүстік Қазақстан облысы ІІД іздестіріп жүрген адамын беру туралы тиісті сұрауын Черногорияның Әділет министрлігі қанағаттандырды.

Ұсталған адамға 2016 жылы Петропавловск қаласында азаматтарға қатысты күш қолдана отырып, қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзды деген күдік келтірілген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін Лясота қылмыстық қудалау органынан жасырынып қалды, осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды.

Өткен жылғы тамызда Лясотаны Тиват қаласындағы әуежайда Черногория Интерполының қызметкерлері ұстаған.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.