Сотта "BAU" мейрамханасында түсірілген бейнежазбалар да көрсетілді
ERNUR.KZ. Сотта Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған SMS-хабарламалары жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Бишімбаевтың сөзінен кейін прокурор алқабилерге мейрамханада түсірілген видеоларды көрсетуге өтініш жасады. Сондай-ақ екеуінің бір-біріне қандай хат жазғанын көрсетуді сұрады. Себебі бүгін Бишімбаев Салтанатты ешқашан жұдырықпен ұрмағанын және барлық еркелігін көтергенін мәлімдеді. Судья видео мен SMS-терді көрстеуге рұқсат берді.
Прокурор алдымен "Қазақстан" концерт залында түсірілген видеоның мән-жайын жариялады. Онда екеуінің ұрсысып қалғаны анық көрініп тұр. Одан кейін ғимараттан бірге шығып кеткен.
Сотта "BAU" мейрамханасында түсірілген бейнежазбалар да көрсетілді. Оған сәйкес, Бишімбаев пен Нүкенова VIP-залға кірген. Сол жерде тағы ұрыс-керіс басталған. Екеуі далаға шығып, қайтадан бір-біріне қол сермеп дауласқан. Мейрамаханаға қайта кіргеннен кейін Бишімбаев Салтанатты бір ұрады, сосын тепкілей бастайды. Артынан шашынан тартып, дәретханаға қарай сүйреп әкеткен.
Ал оқиға орнын қарау қорытындысына сәйкес, Салтанаттың мәйіті жерде жатқан, көзі жабық болды. Самай жағында, құлағында, мұрнында, ернінде жарақат болған, желкесінде, иегінде, иығында, санында, сирағында, құйрығында қан ұйып қалған. Прокурор Айжан Аймағанова барлық фотоны алқабилерге көрсетті.
Сондай-ақ сотта Нүкенованың телефонын тексеру нәтижесі жарияланды. Онда 8 қарашада түсірілген суреттер болды. Екеуі Салтанаттың құрбысымен бірге концертте фотоға түскен. Ал ватсапта Бишімбаев екеуі хат жазысқан. Салтанат оған "My Love" деп жазыпты. Бір хабарламада Нүкенова оған ренжіп, үйге басқа әйелдерді неге алып келетенін сұраған. Сол себепті өз үйіне кететінін жазған. Бұдан бөлек, екеуі бір-біріне орысша хат жазған.
Бишімбаев: - Мне нужно, чтобы ты услышала мою боль.
Нүкенова: - Не могу, мне больно очень, мне за тебя больно, за твою боль, от этого двойне тяжело. Я ее слышала много раз, буду нести на себе крест всю жизнь.