Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгінді

0
263

Мамырда Назым Қаһарман бұл оқиғадан кейін балалары Бишімбаевтың фамилиясынан бас тартқысы келетінін айтқан еді.


Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгінді

фото: youtube/@Assel_Kozhakova

ERNUR.KZ.Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Назым Қаһарманның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа арызданған. Сот оны қабылдамаған, себебі Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың заңды әйелі емес, яғни ол өзінің туысын немесе отбасы мүшесін өлтірген болып саналмайды.

Сонымен қатар, Назым Қаһарман балаларының тегін өзгертуді қалаған, бірақ бұдан да бас тартылған.

"Өкінішке қарай, мен қазір бәрін ашуға мәжбүрмін, өйткені көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бұл (соттың бас тартуы - еск.) әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын - біздің сотқа назарын аударыңыз", - деп қосты Каһарман.


Еске салайық, мамырда Назым Қаһарман бұл оқиғадан кейін балалары Бишімбаевтың фамилиясынан бас тартқысы келетінін айтқан еді.