Премьер-министр Мәжіліс депутаттарымен кездесуде халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кешенді жұмыспен қамту жоспары іске асырылып жатқанын айтты.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылы 600 мыңнан астам қазақстандық жұмыс тапқанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Премьер-министр Мәжіліс депутаттарымен кездесуде халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кешенді жұмыспен қамту жоспары іске асырылып жатқанын айтты.
“Қазіргі уақытта жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның жартысы – жастар. Президенттің жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тапсырмасы ерекше орын алады", – деді Смайылов.
Оның айтуынша, жастардың жасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайғандықтан, 5,7 миллион адам мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізді.
“Биыл тоғыз мыңға жуығы, соның ішінде әлеуметтік осал адамдар, 2,5 пайызбен жеңілдікті несиелер, өтеусіз гранттар алып, өз ісін аша алды", – деп толықтырды министрлер кабинетінің басшысы.
Оның айтуынша, 1,2 миллион азаматтық қызметкердің жалақысын екі есеге арттыру міндеті қойылған. Сондықтан мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға, дәрігерлердікін 30%ға, орта медициналық қызметкерлер және қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысы 20%-ға көтеріледі.
Екі мыңға жуық кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша жұмыс берушілер бір миллионнан астам қызметкердің жалақысын 10 пайыздан 50 пайызға дейін көтерді.