Биыл елімізге 200 мыңға жуық турист келген

0
511

Өңірлер арасында туристерге Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы тартымды болған.


Биыл елімізге 200 мыңға жуық турист келген

ERNUR.KZ. Биыл ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген. Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, ақпарат еQonaq жүйесінен алынған, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетсек, жүйе 2020 жылғы қарашада іске қосылған, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.

еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.

Шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:

- Алматы (73 012 адам);

- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);

- Қызылорда облысы (9735 адам);

- Маңғыстау облысы (9384 адам) бар.

Олардың 67%-ын Ресей Федерациясынан, 16%-ын Өзбекстаннан, 6%ын Түркиядан, 4%-ын ҚХР-дан және 7%-ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.